рус қаз Перейти на полную версию сайта
Меню
Жаңалықтар

05.06.2020
Нұсқаушы – спортшыларға біліктілік дәрежесін беру

Шахтинск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Спорттық атақ, разрядтар және біліктілік санатын беру» мемлекеттік қызметті көрсетету барысында нұсқаушы-спортшыларға  біліктілік дәрежесін береді. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет.

05.06.2020
ХҚО-лар ашылған соң алынған ТОП-5 қызмет

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.

Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 155 мыңнан астам азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.

Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамырда автомобиль иелері Қазақстанның мамандандырылған ХҚО-ларында 118 мыңнан астам көлікті қайта тіркеген.

04.06.2020
1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтері Қазпоштаның 304 бөлімшесінде қолжетімді

 Еліміздің шалғай елді мекендерін зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны сәтті атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзі болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткізілгеннен кейін зейнетақы қызметтері БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елді мекендерде енгізілді. Енді салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан ірі елді мекендерге бару керек болған қызметтерді еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзінде  ұлттық пошта желісі операторының шамамен 200 бөлімшесі іске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлімшеден асып түсті. Әсіресе Қарағанды және Түркістан облыстарында БЖЗҚ қызметтері көрсетілетін Қазпошта бөлімшелерінің саны тиісінше, 44 және 19 бөлімшеге толықтырылады.

04.06.2020
Құрметті Шахтинск тұрғындары!

Жыл сайын еліміз 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелейді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік нышандарының тарихы еліміздің жаңа тарихымен өте тығыз байланысты.

03.06.2020
2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ өз салымшыларына 52,6 миллиард теңге төледі

2020 жылдың 1 мамырына Қор жалпы алғанда 199 381 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда 670 мыңнан астам зейнетақы төлемдері мен сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 52,6 миллиард теңге  аударылды, оның ішінде:

- зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлемдер-21,4 млрд теңге;

02.06.2020
БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгені құрады

Қазақстандағы маңызды қаржы институттарының бірі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтары 01.05.2019 жылдан 01.05.2020 жылға дейін 1,9 триллион теңгеге немесе 19%-ға ұлғайды. Осылайша зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгеден асты.

01.06.2020
Халықаралық балаларды қорғау күні - ең жарқын және сүйікті мереке

Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл балалар үшін ең қуанышты және сүйікті мерекелердің бірі, балалардың күлкісі және балалардың бақытты көздері – әлемдегі ең үлкен байлық.

29.05.2020
Құрметті қауым! Ардақты ағайын!

Елбасының Жарлығы бойынша 31 мамыр «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгіленді. Бұл күн біздің еліміз үшін ерекше маңызға ие.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдары халыққа қатер болып төнген оқиға біреулерді бауырынан, біреулерді әкесінен, біреулерді анасынан, баласынан айырып, қаншама  қазақстандықтардың жүрегіне жазылмас жара салып кетті. Қуғын-сүргінге ұшыраған әрбір адам – жеке тарих. «Халық жаулары» атанғандардың әйелдері, бала-шағасы зәбір көрді. Қанша адам туған жерін тастап, ату жазасына кесілді.

29.05.2020
Құрметті ата- аналар және бүлдіршіндер!

Сіздерді 1 маусым – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

29.05.2020
Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын алты жүзге жуық egov бұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.

Страницы:


© 2020 ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС АКИМАТА ГОРОДА ШАХТИНСКА
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»