рус қаз Перейти на полную версию сайта
Меню
Жаңалықтар

09.06.2020
Сарып (бруцеллез) және профилактикалық шаралары

 

Сарып (бруцеллез) және профилактикалық шаралары

 

Сарып – қызба, қан тамырларын, жүйке жүйесін, тірек-қозғалыс аппаратын зақымдайтын инфекциялық ауру.

Адам үшін сарып инфекциясының негізгі бастаулары қойлар, ешкілер, ірі қара, шошқа болып табылады. Сарыпты жұқтыру жолдары әртүрлі. Жұқтыру ауру малмен немесе малдан алынатын шикізаттар мен тамақтармен қатынаста болу арқылы, алиментарлық жолмен – сарыппен ауру малдан алынған, жеткілікті түрде термикалық өңдеуден өтпеген ет және сүт өнімдерін қолданғанда және аэрогендік жолмен жүреді.

Сарыптың қоздырғышы төмен температураға өте төзімді келеді, тамақ өнімдерінде ұзақ уақыт өмір сүре алады, оның ішінде тоңазытқыштар мен мұздатқыштарда сақталған күнде де. Тұздау жағдайларында 4 айға дейін төзеді.

 Аурудың инкубациялық мезгілі (ауру малмен қатынаста болған уақыттан клиникалық белгілері білінгенге дейін) 1-2 апта, ал кейде екі айға дейінге созылады. Әдеттегідей дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуінен (кешкі және түнгі уақыттарда) басталып, 7-10 күнге немесе одан да көпке созылады. Қызба дірілмен, терге малшыну және жалпы интоксикациямен қоса жүреді. Әрі қарай тірек-қозғалыс аппараты, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі және ағзаның басқа да жүйелерінің зақымдалу белгілері қосылады.

         Сарыппен аурудың алдын алу үшін қажет:

         Жеке үйлерде мал ұстайтын адамдар үшін:

Тұрғындарға:

 

 

 

     "Шахтинск қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы" РММ

 


Вернуться назад



© 2020 ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС АКИМАТА ГОРОДА ШАХТИНСКА
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»