рус қаз Перейти на полную версию сайта
Меню
Жаңалықтар

05.06.2020
Жұқалы-тері ауруларының профилактикасы!!!

 

Жұқалы-тері ауруларының профилактикасы!!!

 

         Аурулардың таралуына халықтың көшіп-қонуы, аурулар туралы белгілі деңгейде білмеуі, өздігінен ем қабылдаулары, медициналық көмекке кеш жүгінулері және басқа да себептер әсер етеді. Жұқпалы-тері аурулары қоғамда әрқашан да болады және онымен жағдайы жақсы адамдар да ауыруы мүмкін.

         Шахтинск аймағы боынша 2020 жылдың 5 айы ішінде дермитомикоздың (бастың шашты жерінің микроспориясы және тегіс терінің трихофитиясы) 2 жағдайы, көрсеткіш – 3,2 құрады, 2019 жылдың 5 айымен салыстырғанда, онда 3 жағдай болған,  көрсеткіш – 5,1 құраған. Микроспория мен трихофития ауруларының жас мөлшерлік құрамына қарасақ, негізінде 14 жасқа дейінгі балалар.

Қышыма (қышыма кенесі) – бұл терінің жоғарғы-эпидермис қабатында «өмір сүретін» микроскопиялық кенелерден пайда болатын жұқпалы тері ауруы. Қышыманы сырқат адаммен ұзақ уақыт қатынаста болғанда, қол алысып амандасқанда, оның киімдерін, әсіресе ішкі киімдерін кигенде, бір төсек жаймаларын қолданғанда, жеке бас гигиена ережелерін орындамағанда жұқтырады. Аурудың  басты белгісі терінің қышуы, кенелердің белсенділіктері түнгі уақытта артуына байланысты кешкі және түнгі уақыттарда терінің қышуының артуы болып табылады.сырқаттың терісінде ұсақ қызғылт түсті бөртпелер мен тырналымдардың пайда болуы, (бөкселер, іш, саусақ арасында). Егер сырқат дәрігерге уақытылы көрінбесе, бөртпелер денесіне және аяқ-қолдарына түгел тарайды. Көбінесе бұған іріңді инфекциялар қосылады. Жеке гигиенаның жай ережелерін орындай отырып, Сіздер өздеріңізді қышымадан қорғайсыздар.

Микроспория, трихофития – ең жиі кездесетін аурулардың бірі, немесе, тұрмыстағы атауы «қырма теміреткі» микоздық инфекциясы. Теріде дұрыс дөңгелек түрдегі үсті қабыршақтанған қызыл таңба түрінде білінеді.түскен қабыршақтар жұқпалы!!! Бұл сырқатпен көбінесе балалар ауырады. Ауруды үстінде саңырауқұлақ споралары бар осы инфекция жұқтырылған және таратушы заттар, жануарлар немесе адамдармен қатынасқа түскенде жұқтыруға болады. Микроспория, трихофитияны жұқтыру үшін осы инфекциямен ауыратын немесе белгісі жоқ таратушы мысықты немесе итті сипау жеткілікті.

Жұқпалы-тері ауруларын жұқтыру шараларының профилактикасы:

Өздігіңізден ем-дом қолданбаңыз!!!

«Шахтинск қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ


Вернуться назад



© 2020 ОФИЦИАЛЬНЫЙ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС АКИМАТА ГОРОДА ШАХТИНСКА
© 2020 Әзірлеген және қолдаған - Интернет-компания «Creatida»